Отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауары бағасын белгілеудің жаңа механизмі енгізіледі

2 Қыркүйек 2021, 10:16
3995
Бөлісу:
Отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауары бағасын белгілеудің жаңа механизмі енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бүгінгі Үкімет отырысында шикізат бойынша ішкі нарықта бағаларды белгілеуге бақылау енгізілетінін айтты. 

Оның айтуынша, бұл бақылаулар отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарының бағасы мен көлемінің қол жетімділігі бойынша енгізілмек.

Біріншіден, өнеркәсіптік саясат тұралы заң жобасына ішкі нарыққа бағаларды белгілеуге бақылау енгізіледі. Екіншіден, Лондон металдар биржасы бағасынан дисконт ұсыну қағидатымен ел ішінде биржалық металлдарға баға белгілеу механизмі енгізіледі. Ол шикізатты қайта өңдеу деңгейінде байланыста болады. Яғни қорытпалар немесе прокат өндіргендерге ең төменгі жеңілдік беріледі. Ал, дайын бұйымдар өндіргендерге ең жоғары жеңілдік енгіңзіледі,-деді министр . 

Сонымен қатар ол қайта өңдеушілер мен қайтадан іске қосылатын кәсіпорындардың қуаттарына қарай металлдарды қайта өңдеу көлеміне резервтер енгізілетінін жеткізді. Министрлік жыл соңына дейін осы маңызды міндеттің оңтайлы нұсқасын әзірлеп шығарады.

Өзгелердің жаңалығы