Қандастарымызды азаматтық алу мәселесі көбірек алаңдатады

22 Қараша 2020, 20:20
1394
Бөлісу:
Қандастарымызды азаматтық алу мәселесі көбірек алаңдатады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі кезде дүниежүзіне және Қазақстанда тараған COVID-19 вирусына байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан «Отандастар қорының» Ақпараттық қолдау орталығына өз жұмысын жалғастырып жатыр.

Осы орайда қараша айында 710 қандасымыз аймақтардағы Фронт-офистерге хабарласып, өзіне керек толық ақпарат алды. Олар жиі қойған сұрақтар тізімінде жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек алу, құжаттандыру, ҚР азаматтық алу, ықтиярхат мәселесі, сондай-ақ білім алуға қатысты сауалдар болды. Сонымен қатар, қараша айында 53 қандасымыз арнайы 1404 тегін нөміріне хабарласып, өзіне керек барлық ақпаратты ала алған. Қандастар көбіне ҚР азаматтығын рәсімдеу, ықтиярхат, тұрақты тұруға қатысты құжаттар мәселесі бойынша жүгінген - деп хабарлайды Отандастар қорының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, әлемдегі және еліміздегі кез келген қандасымыз өз мәселесі бойынша Байланыс орталығының 1404 (дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00) тегін нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:

1404 (барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін);

8 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін);

+7 (7172) 981404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін, халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен);

8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарлар мен қоңыраулар үшін).

Өзгелердің жаңалығы