Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Отан қорғаушылар күніне орай құтқарушылар «Үш ағайынды» шыңына шықты

7 Мамыр 2025, 10:06
606
Бөлісу:
 ТЖМ
Фото: ТЖМ

Отан қорғаушылар күніне орай ТЖМ құтқарушылары Риддер қаласы маңында орналасқан Иванов жотасындағы теңіз деңгейінен 2630 метр биіктікте орналасқан «Үш ағайынды» тау шыңына көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл тау шыңына көтерілу – альпинистік дайындықтың негізгі бөлігі әрі қиын жағдайларда қозғалу дағдыларын жетілдірудің жолы. Жас құтқарушылар биіктікте зардап шеккендерді тасымалдау әдістерін, заманауи жабдықтарды қолдануды үйренеді, - деді ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.

Шара барысында қатысушылардың алдында бірнеше міндет тұрды: альпинистік дайындықты шыңдау, жас құтқарушыларға биік тауда тіршілік ету тәсілдерін үйрету, моральдық-психологиялық төзімділікті арттыру және альпинистік жабдықтарды сынақтан өткізу. Іс-шара аясында жедел-құтқару жасағының жас қызметкерлері төмен температура жағдайында дала лагерінде өмір сүруге де машықтанды.

Барлық құтқарушылар тапсырмаларды сәтті орындап, 2600-ден астам метр биіктікте ҚР ТЖМ туын тікті.

Өзгелердің жаңалығы