Өскемендік өрт сөндірушілер бес жасар баланың арманын орындады

15 Наурыз 2023, 18:21
1009
Бөлісу:
Өскемендік өрт сөндірушілер бес жасар баланың арманын орындады

Өскемен қаласының №8 өрт сөндіру бөліміне Алан Нұрлан деген баланың анасы хабарласып, баласының арманы туралы айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туған күнінде баланың құтқарушыларда қонақта болғысы келетіндігін айтқан анасы бес жасар баласының арманын орындауды өтінді.

Өскемендік өрт сөндірушілер бес жасар баланың арманын орындады

№8 ӨСБ-нің  өрт сөндірушілері Аланның тілегін жүзеге асырды. Өрт сөндірушілер балаға заманауи өрт-құтқару техникасын көрсетіп, қызмет атқарып жүрген қарауылмен және жұмыс талаптарымен таныстырды. Бала жауынгерлік киім-кешекті киіп көрді. Өзінің бала кезіндегі арманының орындалғанына өте қуанышты болды, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы