Өскеменде велоспорттан ұлдар арасында республикалық жарыс өтіп жатыр

4 Тамыз 2023, 11:24
723
Бөлісу:
Өскеменде велоспорттан ұлдар арасында республикалық жарыс өтіп жатыр
Фото: Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы

Бұл туралы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында велоспорттан ұлдар арасында "Қазақстан мектеп оқушысы" дәстүрлі ХХХХХІІІ көпкүндік республикалық ашық жарысы өтіп жатыр. 

Өскеменде велоспорттан ұлдар арасында республикалық жарыс өтіп жатыр

02-03 тамыз аралығында спортшылар 150 км қашықтықта жарысты. Жалпы есепте 1 орын Өзбекстан командасы, 2 орын Алматы қаласы, 3 орында Өзбекстанның 2 командасы келе жатыр. Барлық қатысушы командаларға сәттілік, - делінген таратылған ақпаратта.

Өскеменде велоспорттан ұлдар арасында республикалық жарыс өтіп жатыр

Жарыс 1-10 тамыз күндері аралығында өтеді. Оған ШҚО, СКО, Астана қаласы, Қызылорда облысы , Алматы облысы, Жамбыл облысы, Атырау облысы, Жетісу облысынан және Өзбекстаннан 9 команда қатысады.

Өзгелердің жаңалығы