Өскеменде лицензиясыз ішімдік сатқандар анықталды

18 Қыркүйек 2023, 21:31
2321
Бөлісу:
Өскеменде лицензиясыз ішімдік сатқандар анықталды

Профилактикалық іс-шаралар барасында жергілікті полиция қызметкерлері облыс орталығы ойын-сауық орындарының бірінен лицензиясыз ішімдік сату фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында жалпы көлемі шамамен 200 литрді құрайтын, құрамында спирті бар сұйықтық құйылған 300 астам бөтелкелер тәркіленді. Бұл туралы Altaynews жазды.

Аталған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463 - бабы - кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Қазіргі уақытта материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы