Өскеменде иесіз үйден қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

30 Мамыр 2023, 21:02
840
Бөлісу:
Өскеменде иесіз үйден қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД және ҚАЖД-мен бірлесіп ШҚО бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуі барысында Өскемендегі қараусыз қалған үйлердің бірінен заңсыз сақталған қару табылды.

Тәртіп сақшылары жасырылған орыннан мылтық ұңғысын, нөмірлері сызылып, өшірілген револьвер, оның 188 патронын, аңшылық мылтықтың оқпанын, граната корпусын, аңшылық мылтықтың 12 патронын, сондай-ақ 4 сигналдық зымыранды тапты. Бұл туралы Altaynews жазды.

ҚР ҚК 287-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Баллистикалық сараптама нәтижелері бойынша тапанша жауынгерлік деп, ал патрондар одан оқ атуға жарамды деп танылды.

ШҚО полиция департаменті өңірде "Қаруды тапсыр" акциясы өтіп жатқанын еске салады. Оның шеңберінде заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілік заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсырғандарға қарудың техникалық жағдайына байланысты оның әр бірлігі үшін республикалық бюджеттен 10-нан 100 АЕК-ке дейінгі сомада төлем қарастырылған.

Қаруды тапсыру үшін кез келген полиция бөліміне хабарласуға немесе 102 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Өзгелердің жаңалығы