Өскеменде электрондық темекі, вейп тәркіленді

5 Қазан 2023, 13:31
547
Бөлісу:
Өскеменде электрондық темекі, вейп тәркіленді

Өскеменде өткізілген ЖІШ барысында құрамында никотин бар электрондық темекі, вейп және басқа да бір реттік құрылғылар тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижеcі бойынша 8,5 млн теңге сомаға 2000-ға жуық құрылғы тәркіленді.

Осы құқық бұзушылық үшін ӘҚБК-де жауапкершілік көзделген, санкция акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, 50-ден 500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде жаза көздейді.

Материалдар сотқа жіберілді.

Темекі өнімдері мен бір реттік электрондық темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы