Өскеменде дәрігерлер 750 грамдық нәрестені аман алып қалды

14 Сәуір 2022, 07:17
1604
Бөлісу:
Өскеменде дәрігерлер 750 грамдық нәрестені аман алып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да Ана мен бала орталығының дәрігерлері салмағы 750 грамм болатын алты айлық сәбиді аман алып қалды. Қазір бөбекті үйге шығаруға дайындап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазір кішкентай Мұстафа 4 айға таяп қалды. Оны үйге шығаруға дайындауда. 2021 жылғы 16 желтоқсанда дүниеге келген сәби осы уақыттың барлығын шала туған нәрестелерді емізуге арналған арнайы құрал-жабдықтары бар ана мен бала орталығында өткізді. 

Анасы Мөлдір Рахметқызының бұл – төрт қыздан кейін күткен ұлы. Жүктіліктің 25 аптасында зайсандық әйел шұғыл түрде Өскемендегі Мир орталығына жатқызылған. Көлемі ересек адамның алақанымен шамалас бала салмағы 750 грамнан сәл асып дүниеге келген. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті. Орталықтың акушер-гинекологтарының, реаниматологтарының, неонатологтарының жұмысының арқасында баланың өмірі аман қалды. Қазір Мұстафаның салмағы – 3400 грамм, бойы 60 сантиметрге жеткен.

Бұл нәресте – нағыз батыр. Ол осы айларда бізге көмектесті. Балалардың тезірек салмақ қосып, жақсаруы үшін біз кенгуру әдісін қолданамыз, – дейді оның емдеуші дәрігері неонатолог Жанна Мұқанова.

Былтыр ЦМР жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінің дәрігерлері түрлі дертке шалдыққан 1700-ге жуық баланы аман алып қалды.

Биыл небәрі үш айда 150-ге жуық өте төмен салмақты сәбилер дүниеге келді. Олар ерекше ем күтімінсіз өмір сүре алмас еді, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.

Өзгелердің жаңалығы