Өскеменде бүгін жылу беріле бастайды

29 Қыркүйек 2022, 13:25
1220
Бөлісу:
Өскеменде бүгін жылу беріле бастайды

Метеорологиялық деректер мен ауа температурасы ​ төмендеуі мүмкін деген болжамды ескере отырып, Өскемен қаласында жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады.

Қалада жылу беру маусымы 2022 жылдың 29 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында басталады. Осы төрт күн ішінде "Өскемен жылу жүйелері" АҚ жылумен жабдықтау жүйелеріне қосылған нысандарға, оның ішінде Жаңа Согра, Радужный кенттері​ мен Солнечный ауылындағы нысандарға жылу кезең-кезеңімен беріледі, - деді ол.

Айта кету керек, жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысына қатысты барлық сұрақтарды "Өскемен жылу жүйелері" АҚ мамандарына @ukts_info парақшасы арқылы жолдауға, ал үйішілік жылу жүйесін іске қосу бойынша сұрақтарды жылу шаруашылығына жауапты тұлғаға (ҚС, МИБ, ПИК және т.б.) қоюға болады.

Өзгелердің жаңалығы