Өскеменде 26 жастағы әйел таныс ер адамнан 6 миллион теңге бопсалаған

20 Қаңтар 2024, 03:50
454
Бөлісу:
Өскеменде 26 жастағы әйел таныс ер адамнан 6 миллион теңге бопсалаған
Фото: архив

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Өскеменнің 26 жастағы тұрғынын ақша алып жатқан кезде ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әйел жәбірленушімен бұрын таныс болған және оны жеке басына қатысты ақпаратты таратамын деп қорқытып, одан 6 миллион теңге талап еткен

Ер адам полицияға жүгінген.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері әйелді қаражаттың үштен бірінен аз сомасын алып жатқан жерінен ұстаған.

Қазір аталған фактіге қатысты қорқытып алу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы