Өскемен тұрғыны асыл тұқымды итті ұрлап кеткен

23 Сәуір 2021, 12:50
1604
Бөлісу:
Өскемен тұрғыны асыл тұқымды итті ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қалысы полиция бөліміне Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қалалық ЖШС бірінің 35 жастағы қызметкері хабарласқан. 

Ол сағат 10:40 шамасында қоршаудан белгісіз адам оның Пекинес тұқымды 2 жасар итін ұрлап кеткенін айтқан. Шығын 80 мың теңгені құрады.

Жедел - іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар адамды анықтады. Итті ұрлаған 66 жастағы әйел ұсталып, тергеу бөліміне жеткізілді, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы