Өскемен – Астана: Тальгоның орнына уақытша стандартты пойыз жүреді

10 Мамыр 2024, 22:40
433
Бөлісу:
Өскемен – Астана: Тальгоның орнына уақытша стандартты пойыз жүреді
PR
Фото: baq.kz

«Тальго» вагондарынан құрылған Астана – Өскемен жолаушылар пойызының құрамы уақытша ауыстырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ақпаратына сәйкес техникалық себептер бойынша 2024 жылдың 9-31 мамыры аралығында №68/67 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен 1» жүрдек пойызының орнына №508/507 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен 1» стандарт вагондардан қалыптастырылған пойыз жүретін болады.

Пойыздың қозғалысы бұрынғы кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Соңғы пунктке келудің ықтимал кідірісі 20 минуттан аспайды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ кешірім сұрайды және барлық сұрақтар бойынша теміржол вокзалдарының анықтама бюроларына немесе 1433 бірыңғай анықтама қызметіне харабласуды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы