ОСК сайлауға кімдер түсе алмайтынын айтты

20 Қаңтар 2023, 12:43
1112
Бөлісу:
ОСК сайлауға кімдер түсе алмайтынын айтты
Фото: Артём Чурсинов

Бұл туралы ОСК комиссиясының мүшесі Константин Петров Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат ел аумағында соңғы 10 жыл бойы тұрған, 25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Мәслихат депутаттығына кандидат 20 жасқа толған Қазақстан азаматы болуы шарт, - деп атап өтті ОСК мүшесі. 

Сонымен қатар ол кімдер депутаттыққа үміткер бола алмайтынына тоқталды. 

Парламент Мәжілісі мен мәслихатының депутаттығына кімдер үміткер бола алмайды? Олар: Біріншіден, өтелмеген немесе заңда бекітілген тәртіппен сотталғандығы алып тасталмаған тұлға. Екіншіден, заңда бекітілген тіртіппен сот жемқорлық құқық бұзушылық пен жемқорлық қылмысын жасады деп таныған тұлға, - деді Константин Петров. 

Бұған дейін белгілі болғанай, Парламент Мәжілісіне 98 депутаттың 30 пайызы немесе 29 депутат мажоритарлық жүйе бойыншасайлауға түседі. Ал 69 депутат, яғни 70 пайызы партиялық тізімдер бойынша сайланады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың мәслихаттарына депутаттардың 50 пайызы мажоритарлық жүйе бойынша, ал қалған 50 пайызы партиялық тізім бойынша сайланатын болады. Аудандар мен қалалардың мәслихаттардың депутаттарына сайлау толығымен мажоритарлық жүйе бойынша өтеді.

Партиялық тізім бойынша құжаттар Орталық сайлау комиссиясына, ал бір мандаттық сайлау округтері бойынша құжаттар сәйкес округтарға ұсынылады, - деп түсіндірді сайлау комиссиясының мүшесі. 

Өзгелердің жаңалығы