Мәжіліс депутаттары ОСК мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып тастады

12 Ақпан 2020, 11:27
2513
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары ОСК мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихдановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Отырыста төраға Нұрлан Нығматулин Ақылбек Ихданов өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өзі өтініш бергенін айтты. Мәжіліс депутаттары бірауыздан қолдап дауыс берді.

ҚР Конституциясының "Сайлау туралы" Заңның 19-бабы 6-тармағы 1-тармақшасына сәйкес, сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерін атқарудан босату туралы өз еркімен өтініш берген жағдайда өз міндеттерін атқарудан босатылады. Осыған орай, Ақылбек Ихдановтың ОСК мүшесі ретінде өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамыз, - деді Мәжілістің заңнама және сот құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Осыдан кейін дауыс беру режимі қосылып, депутаттар бірауыздан бұл шешімді қолдады.
Ақылбек Жәмелұлын (Ихданов - тілші) баршаңыз жақсы білесіздер. Мықты маман, білікті заңгер, көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды абыроймен атқарды. Алдағы уақыттта оған зор табыс тілейміз, - деді Нұрлан Нығматулин.
Сөйтіп, Мәжіліс спикері Ақылбек Ихдановқа сіңірген еңбегі үшін алғыс хат табыстады.

Айта кетейік, Ақылбек Ихданов 1964 жылдың 1 қаңтарында Атырау қаласында дүниеге келген. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып, 2018 жылдың 5 қыркүйегінде сайланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы