Орынборда 26 адам ішімдіктен уланып, қайтыс болды

9 Қазан 2021, 17:33
3930
Бөлісу:
Орынборда 26 адам ішімдіктен уланып, қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Орынбор облысында суррогат ішімдіктен уланып, 26 адам көз жұмды. 

Бұл туралы TACC мәлім етті. 

Уланғандар саны 49 адамнан 54-ке дейін өсті. Ауыр халде ауруханаға жеткізілгендер де қайтыс болды. Жалпы 26 адам көз жұмып, 28-і аман қалған, тағы бір бөлігі стационарда жатыр, - деді Орынбор облысы өңірлік және ақпараттық саясат министрінің орынбасары Инна Аверкова.

Контрафакт ішімдіктен улану туралы хабар 7 қазан күні түнде түскен. Тергеушілер мен полицейлер қойма мен өндіріс бекетін тауып, 600 литр спирті бар сұйықтықты тәркіледі. Бүгінге дейін алты қылмыстық іс қозғалды. Алкоголь өнімдерін заңсыз өндіріп, сақтаған және сатқан алты адам ұсталды.

Өзгелердің жаңалығы