Орталық Азияның экономикалық дамудағы әлеуеті зор – Бурунчук

2 Сәуір 2021, 12:14
1967
Бөлісу:
Орталық Азияның экономикалық дамудағы әлеуеті зор – Бурунчук

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Лилия Бурунчук «Орталық Азиядағы транспоренттік байланыс: сынақтар мен әлеуеттер» онлайн брифингінде айтты.

Орталық Азияның болашағы зор екеніне сенемін. ОА сәтті өңірге айнала алады. Алайда сәтті өңірге айналу үшін шешуі керек мәселенің бірі – көлік байланысы. Оны тек өңірдің ішінде емес, өзге елдермен де жүзеге асыру керек. Темір жолдарды өнімдерді экспорттау мақсатында көбейту керек. Ол көршілес жатқан ірі елдер мен өзге әлемдік нарықтарға шығу үшін өте қажет, - деді Бурунчук. 

Оның айтуынша, әуежолдарды туризмді дамыту үшін пайдалану керек. 

Мұның қатарына баламалы энергия мен «жасыл» энергияны тасымалдау мүмкіндігін қосар едім. Себебі Орталық Азияда бұл сала бойынша әлеует өте жоғары. Бүгінгі таңда барлығымыз үшін ауадай қажет болып отырған цифрлық байланысты да ұмытпау керек. Цифрлық байланыс арқылы да қызметті экспорттау әлеуетін бақылауға болады, - деді ол. 

Бурунчуктің айтуынша, бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымның дамуы ғана емес, стратегиялық институттық алаңды дамыту қажет.

Шекаралардан өту уақытын қысқарту қажет. Кеден қызметінің жұмысын жақсарту керек. Оның ішінде сертификаттау мәселесі де бар. Бұл инфрақұрылымға қарағанда көбірек кедергі келтіруі мүмкін. Себебі Орталық Азияның экономикалық дамудағы әлеуеті зор, - деді ол.
Еске салсақ, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто Орталық Азияда ішкі және сыртқы проблемалар өте көп екенін айтқан еді.


Өзгелердің жаңалығы