Орталық Азияда ішкі және сыртқы проблемалар өте көп – Марто

2 Сәуір 2021, 11:43
1352
Бөлісу:
Орталық Азияда ішкі және сыртқы проблемалар өте көп – Марто

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто «Орталық Азиядағы транспоренттік байланыс: сынақтар мен әлеуеттер» онлайн брифингінде айтты.

Мен Қазақстандағы қызметіме кіріспес бұрын Орталық Азия дәлізі бойынша көп жұмыс істедім. Орталық Азия жобаларды жүзеге асыру бойынша күрделі әрі қызықты өңір. Мәселен Қарағанды облысында бір ауылдан орталыққа жету үшін екі күн қажет. Қарағанды қазір мен тұрып жатқан Нұр-Сұлтанға жақын, - дейді ол. 

Жан-Франсуа Марто айтқандай, экспорт әлеуетін арттыру үшін көлік байланысын дамыту керек. 

Орталық Азияда ішкі және сыртқы проблемалар өте көп. Алайда белгілі бір салада күрделі мәселелер де бар, позитивті бастамалар да бар. Технологиялық мәселелерді шешу керек. Себебі бұрын қалыпты болып табылатын дүниелер қазір ескірді. Көлік байланысын дамыту үшін міндетті түрде сол жаққа барудың қажеті жоқ. Цифрлық байланыс арқылы ескі инфрақұрылымды жоюға болады. Алайда цифрландыру да барлық проблеманы шеше алмайды, - дейді тұрақты өкіл. 

Оның айтуынша, Орталық Азия Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс пен Араб аралына қосылатын болса, тасымалдаудың көлемін арттырады. 

Орталық Азияның ішкі тасымалы да тарифке қатысты тиімді жұмыс істейді. Бұдан Орталық Азияның барлық елі олжалы болады. Қазір ЕАЭО-ның болуы да тасымалдауға үлкен мүмкіндік беріп отыр, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы