Өрт сөндірушілер арасында жарыс өтті

27 Мамыр 2022, 15:30
1888
Бөлісу:
Өрт сөндірушілер арасында жарыс өтті
Фото: автордан

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстауда өрт сөндірушілер арасында  Қазақстан Республикасы Кубогы үшін жарыс. Ерлер мен әйелдер арасындағы  жарыс жеңімпаздары күзде өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.  

Жарысқа ел аймақатарынан 21 команда келген. Олар 3 күн бойы оқу мұнарасының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту және жауынгерлік қанат жаю сияқты сынақтардан өтеді.

Жарыс жыл сайын әр аймақта өтеді. Жарысқа ҚР чемпионатының өткен маусымының қорытындысы бойынша ең мықты клубтар қатысады. Ал кубок жеңімпаздары 29 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында және Брест қаласында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетеді –деді Дәурен Данаев - "Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы" ҚБ АҚ Директоры.

Өрт сөндірушілер арасында жарыс өтті

Жарыстың алғашқы күні  ерлер мен әйелдер 100 метрге жүгіруден жеңімпзадарды анықтады. Әйелдер арасында аталған қашықтықта  алматылық Оксана Дзолба жеңімпаз атанса, ерлер арасында Фахад Дүсқазинов үздік шықты. 

Қазақстан чемпионатынан кейін кубог жарыстарын дайындықты бастап, оқу-жаттығу жиындарынан өттік. Бүгін қиындықтар көгал болды. Өйткені жасанды көгалмен аздап таныс емес еді. Өйткені әдетте бізде  жарыстар резеңке бетінде өтетін дегенмен барымды салдым, дегеніме жеттім. Қуаныштымын- дейді алматылық жеңімпазы Оксана Дзолба.

Өрт сөндірушілер арасында жарыс өтті

Өрт сөндірушілер арасындағы бұл жарыс жыл сайын өтетін. Бірақ өткен жылы пандемияға салдарынан ойындар тоқтап қалған. 

Өзгелердің жаңалығы