Өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасы нығаяды

15 Наурыз 2023, 17:27
904
Бөлісу:
Өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасы нығаяды
Фото: автордан

Ертіс өңірінің өрт сөндіру қызметінің материалдық-базасын нығайтуға басымдық беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Мамандардың мәліметінше,  өткен жылы өңірде орман өрттерінің саны 32%-ға, ал дала өрттері 2%-ға өскен. Тілсіз жаудан келген материалдық шығын 11 млн теңгеге жеткен. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде адам өлімі мен жарақатына жол берілген жоқ. Өрттердің негізгі себебі – қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, орманды жерлердегі минералданған жолақтардың болмауы. 

Қазіргі уақытта кешенді шаралар қолға алынды. Төтенше жағдай жөніндегі комиссия отырысында нақты тапсырмалар берілді. Техногенді және табиғи сипаттағы оқыс оқиғалар кезінде жедел әрекет ету алгоритмі әзірленді. Өрттің шығуын жылдам анықтау мақсатында ғарыштық мониторинг жасалады. Биыл көктем ерте келді. Сондықтан өрт қауіпті кезең ертерек басталады, - облыстық ТЖД бастығының орынбасары дейді Қайрат Шаймарденов.

Мамыр айында облыспен шекаралас жатқан Ресей облыстарымен трансшекаралық тактикалық жаттығу шаралары өтеді. Мақсат – орман және дала өрттері туындаған кезде әрекет ету дайындығын пысықтау. 

Қазіргі өрт өндіру бекеттері жоқ елді мекендер бар. Жыл сайын орман жанындағы ауылдарды осындай бекеттер кезең-кезеңмен ашылып жатыр. Біз өз тарапымыздан олардың балансына техника беріп отырамыз. Сонымен қатар бекеттердің дайындығы тексеріп отырамыз. Биыл қала жанындағы саяжайларды назарға алып отырамыз. Себебі былтыр ірі өрт орын алды, - дейді Қайрат Шаймарденов.

Айта кетейік, облыс әкімі Асайын Байханов барлық өрт бекеттерінің дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар қауіпті аумақтарда автономдық бейнебақылау мачталарын орнату жобасын әзірлеуді тапсырды. Биыл «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағында тілсіз жауды ерте анықтау мақсатында оптикалық-сенсорлы бақылау жүйесін орнатылады. Бұл игілікке республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Баянауыл ұлттық паркінің материалдық базасын нығайтуға 1,5 млрд теңге қарастырылған. 

Өзгелердің жаңалығы