Өрт сөндіру қызметінің көлігі аударылып қалды

13 Қыркүйек 2023, 10:05
1010
Бөлісу:
Өрт сөндіру қызметінің көлігі аударылып қалды
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Өрт сөндіру қызметінің автосатысы Алматыда оқу-жаттығы кезінде аударылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 12 қыркүйек күні болған.

Жетісу ауданы, Талант көшесі 38 мекенжайы бойында орналасқан "Sinooil" ЖШС резервуарындағы оқу-жаттығу кезінде АЛ-50 өрт сөндіру автосатысы сол жақ бүйіріне аударылып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Қызметтік тексеріс жүргізіледі, - делінген Алматы ТЖД таратқан хабарламада.

Видео: kris_p_almaty_official

Еске салсақ, 2023 жылғы 11 қыркүйекте елімізде Алматыдағы жойқын жер сілкінісі кезінде іс-қимылдарға дайындалу және оларды пысықтау бойынша «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталған болатын. Оған отандық құтқарушылармен қоса шетелдіктер де қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы