Отандық және шетелдік құтқарушылар жер сілкінісіне дайындықты пысықтауда

12 Қыркүйек 2023, 19:44
812
Бөлісу:
Отандық және шетелдік құтқарушылар жер сілкінісіне дайындықты пысықтауда
PHOTO
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстандық және шетелдік құтқарушылар жойқын жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға әзірлігін пысықтауда, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 11 қыркүйекте елімізде Алматыдағы жойқын жер сілкінісі кезінде іс-қимылдарға дайындалу және оларды пысықтау бойынша «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

Отандық және шетелдік құтқарушылар жер сілкінісіне дайындықты пысықтауда

Оқу-жаттығудың мақсаты – мемлекеттік органдар мен азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылға дайындық деңгейін, жалпы қауіпсіздік мәдениетін арттыру, халықты төтенше жағдайларда әрекет етуге үйрету.

Ауқымды оқу-жаттығуға он министрлік пен ведомство базасында құрылған 15 республикалық азаматтық қорғау қызметі, жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар, азаматтық қорғау қызметі және ҚР ТЖМ бөлімшелері қатысуда. Сонымен қатар, оқу-жаттығуға Әзербайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан сияқты түркі мемлекеттері ұйымдары елдерінің төтенше ведомстволарының авариялық-құтқару қызметтері де қатысуда.

Отандық және шетелдік құтқарушылар жер сілкінісіне дайындықты пысықтауда

Жаттығудың бірінші күні жер сілкінісі қаупі туындаған кездегі бірінші кезекте жүргізілетін шаралар пысықталды. Құтқару қызметтерінің бірлескен іс-қимылдарын пысықтау және үйлестіру үшін республикалық далалық штаб орнатылды.

Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерінің функционалдық міндеттерді орындау жөніндегі іс-қимыл жоспарлары нақтыланды.

Отандық және шетелдік құтқарушылар жер сілкінісіне дайындықты пысықтауда

Жер сілкінісінің салдарын жою бойынша жұмыстардың тәртібі мен көлемі айқындалды, төтенше жағдай енгізу, халықаралық қоғамдастыққа және қоғамдық ұйымдарға көмек көрсету туралы өтініш жасау туралы құжаттар дайындалды.

Отандық және шетелдік құтқарушылар жер сілкінісіне дайындықты пысықтауда

Сейсмикалық қауіпті өңірлердің тұрғындарымен сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері орнатылды.

Сонымен қатар, ТЖ аймағына күштер топтарын ұсынуды ұйымдастыру пысықталды. Алматыда жойқын жер сілкінісі болған жағдайда ТЖ орнына еліміздің басқа өңірлерінен күштер мен құралдар жіберілетін болады.

Отандық және шетелдік құтқарушылар жер сілкінісіне дайындықты пысықтауда

Оқу-жаттығу екі күнге созылады.

Өзгелердің жаңалығы