Мұхтар Құл-Мұхаммед елордада жаңадан ашылған өрт сөндіру бөліміне барды

9 Шілде 2019, 18:32
1907
Бөлісу:
Мұхтар Құл-Мұхаммед елордада жаңадан ашылған өрт сөндіру бөліміне барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатор кездесу барысында өрт сөндіру саласының жаңа техникасымен және өрт сөндіру бөлімінің жабдықталуымен танысып, өрт сөндірушілер және құтқарушылармен пікір алмасты, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

2 (1).jpg

Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильин елді мекендердің аумақтарын, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік нысандарды және мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын күзету мен өртті сөндіруді қамтамасыз ететін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізетін өрт қызметінің іс-қимылы туралы хабардар етті.

1 (1).jpg

Нысандардың зілзілаға тұрақтылығын күшейту, өрт сөндіру деполарының құрылысы мен жөндеу, күре жолдардағы медициналық-құтқару бекеттерін ұстау, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың еңбекақысының төмендігі туралы өзекті мәселелерді атап өтті.

Мұхтар Құл-Мұхаммед өрт қауіпсіздігі, әлеуметтік нысандарды сақтандыру, халықты төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге үйрету, өнеркәсіп қауіпсіздігі жағдайындағы талаптарды қатайту мәселелерін қозғады.

Сондай-ақ, комитет төрағасы 5573 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, оның материалдық-техникалық жабдықталуымен, әскери қызметшілердің өмір сүру және тұрмыс жағдайымен танысты, әскери қызметшілердің киім-кешегі мен киім үлгісін көрді.

6.jpg

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары С.Нұрахметов № 5573 әскери бөлімі Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге арналғанын атап өтті. Бірыңғай үлгідегі әскери қалашықтың инфрақұрылымы жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді, техникалық қызмет көрсету және жөндеу пункттерімен жабдықталған автомобиль паркі, спорт кешені, қазіргі заманғы мультимедиялық атыс тирі, оқу қалашықтары мен лазареті бар.

8.jpg

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» заңды жүзеге асырудың, әскери қызметшілерді әлеуметтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қозғады. Ұлттық ұланның басшылығы Ұлттық ұланның шығыстарын қаржыландыру көлемін тиісінше ұлғайту, әскери қызметшілерге нысанды киім-кешек, қару-жарақ, арнайы құралдар мен қажетті жабдықтарды сатып алуға қосымша қаражат бөлу қажеттігін атап өтті.

9.jpg

Өзгелердің жаңалығы