Өрт салдарынан шығынға ұшырағанда қайда жүгінуге болады?

17 Сәуір 2023, 17:13
947
Бөлісу:
Өрт салдарынан шығынға ұшырағанда қайда жүгінуге болады?
Фото: gov.kz

Өрт салдарынан болған шығынның өтемақысын қалай алуға болады? Ол үшін қандай құжаттар қажет? Бүгін өмірдің қиын жағдайларына тап болған азаматтарға жергілікті бюджеттен көрсетілетін көмекпен таныса аласыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өрт немесе табиғи апат салдарынан зардап шеккен азаматтарға, мүлкінен айырылған, мүлкі бүлінген, мүлкіне маңызды залал келтірілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Көмек алу үшін мынадай талаптар қойылады:

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне залал келген жағдайда.

Бұл көмек түрін қалай алуға болады:

Әлеуметтік көмекті алу үшін тұрғылықты жері бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халыққа әлеуметтік көмек көрсеету саласындағы атқарушы органына немесе кенттің, ауылдың, ауыл округінің әкіміне жүгінуге болады.

Мынадай құжаттар қажет:

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;
  • адамның (отбасы мүшілерінің) табысы туралы мәліметтер;
  • өмірдің қиын жағдайы туындағанын растайтын акт және/немесе құжат

Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

Арнайы комиссия келтірілген шығынды бағалау, оқиға орнына шығу кезінде зардап шеккендерге материалдық көмек сомасын бағалайды. Бұл көмек түрі бекітілмеген және келтірілген залалға байланысты жеке беріледі.

Еске салсақ, Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, 11 адам зардап шекті. Оқыс оқиғаға байланысты бүгін жедел штаб құрылды. Сондай-ақ Жаңаөзендегі жарылыс бойынша тергеу жұмыстары басталды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер берілетінін мәлімдеді. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жарылысқа себеп болған жағдайды анықтайтынын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы