Өрт қауіпсіздігі. Павлодар облысында 44 адамға айыппұл салынды

15 Мамыр 2024, 19:04
316
Бөлісу:
Өрт қауіпсіздігі.  Павлодар облысында 44 адамға айыппұл салынды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ертіс өңірінде өрт қауіпті кезеңі басталғалы саяжайларда құрғақ шөпті жаққан 44 әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Павлодар облысында 29 саяжай шаруашылығы бар. Өрт қауіпті кезең басталмай жатып бағбаншылықтарда  жалпы аумағы 1,2 гектар жерде үш өртену дерегі тіркелді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Қайрат Шаймарденовтің айтуынша, өткен жылы осы уақытта 100 гектарлық бау-бақшаларда 80-нен астам жағдай тіркелген. Салдарынан 500-ден астам учаске отқа оранды.

Тұрғындар саяжай кезеңіне дайындық барысында учаскелерін қоқыстан тазалаған кезде құрғақ шөп жаға бастайды. Бұл іске жауапкершілікпен қарау керек. Мәселен, былтыр сәуірде «Металлург» бағбаншылығында қызыл жалын салдарынан 400-ге жуық учаске зақымданды. Ал «Яблонька» шаруашылығында бір мезетте 100-ден астам аула өртенді. Дегенмен, қызыл жалын мемлекеттік орман қорына жататын аумаққа өтіп кетті. Өйткені, минаралдандырылған жолақтар болған жоқ. Биыл осындай жағдай қайталанбас үшін кооперативтермен ортақ шараларды қолға алдық. Сонымен қатар, бағбаншылықтарды сумен қамту мақсатында гидранттар орнаттық. Енді өрт машиналарын сумен қамту қиын болмайды, - дейді Қайрат Шаймарденов.

Бағбаншылықтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атты полиция мен еріктілердің жұмысы күшейтілді. Ал демалыс күндері механикаландырылған топтар кезекшілікке шығады. Резервті құрылым учаскелерді тазарту және көкөніс егу кезеңінде жұмыс істейді. 

Өзгелердің жаңалығы