Орландо әуежайында 282 жолаушысы бар ұшақ өртеніп кетті

22 Сәуір 2025, 08:09
628
Бөлісу:
Орландо әуежайында 282 жолаушысы бар ұшақ өртеніп кетті
Фото: скрин

Флорида штатындағы Орландо халықаралық әуежайында Delta лайнерінің қозғалтқышы өртенді. Бортта 282 жолаушы, 10 экипаж мүшесі және екі ұшқыш болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеем жасап.

Airbus A330 ұшағы Орландодан Атлантаға ұшуы тиіс болатын. Алайда жолаушылар салондағы орындарына жайғасқан соң, ұшақтың екі негізгі қозғалтқышының бірі өртеніп кеткен.

Әуе компаниясы адамдарды үрлемелі траптар арқылы шұғыл эвакуациялады.

Біз жолаушыларымызға ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз және олар туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қауіпсіздік - біздің басты міндетіміз және Delta қызметкерлері жолаушыларымызды межелі жерлеріне мүмкіндігінше тез жеткізуге тырысады, - деп жазылған Delta мәлімдемесінде.

АҚШ авиация билігі оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

Өзгелердің жаңалығы