Қордайдағы төбелес: Вице-министр қақтығыстың неден басталғанын айтты

9 Ақпан 2020, 14:34
2910
Бөлісу:
Қордайдағы төбелес: Вице-министр қақтығыстың неден басталғанын айтты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди 7 ақпандағы Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы жаппай төбелестің қалай басталғанын айтты.

Оқиға 5 ақпанда екі ауылдың тұрғындары ұстасып қалудан басталған. Осы тұрмыстық кикілжіңге қатысушылардың бірі қазір ұсталды. Ал қалғандары аудан көлемінде шықпайтыны туралы қолхат жазып босатылды, – деді Алексей Калайчиди.

Оның айтуынша, барлығы жолдан басталған. Осыншама адам шығынына алып келген жанжал жолдағы кикілжіңнен өрбіген.
Басында ауыр жүк көлігі үйден шығып келе жатқан кезде жолда келе жатқан автокөлікпен жолға таласып қалады. Екі көлікте де үш-үш адамнан болды. Сөйтіп, арты төбелес ұласқан, – дейді вице-министр.

Жұма күні Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе және Масаншы ауылдарында жаппай төбелес болған еді. Ауыл тұрғындары арасындағы жаппай төбелес бойынша ҚР ҚК 243 бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, Қордайдағы төбелеске қатысты мемлекет басшысы мәлімдеме жасаған болатын. Ол төбелесті арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғандығы туралы айтқан еді. Төбелестің салдарынан 8 адам қаза тауып, 40-тан астам жарақат алған еді.


Өзгелердің жаңалығы