Қордайдағы төбелес. Әп-сәтте бүлдіріп алу оңай – Байбек

8 Ақпан 2020, 17:52
2147
Бөлісу:
Қордайдағы төбелес. Әп-сәтте бүлдіріп алу оңай – Байбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді.

Мемлекетіміздің басты байлығы – елдің татулығы. Бейбіт елде ғана береке болады. Шағын кикілжіңнен қандай жағдайдың орын алатынын кешегі Қордай оқиғасы көрсетіп отыр. Адам шығыны болды. Олардың иманы саламат болсын, - деп жазды Бауыржан Байбек инстаграм парақшасында.
Оның айтуынша, осындай сәттерде ашуды ақылға жеңдіріп, сабырлылық танытқанымыз жөн. 
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайда орын алған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты. Оларға тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Елде заң үстемдігінің сақталатынын қадап айтып, премьер-министрдің орынбасары төрағалық ететін үкімет комиссиясын құрды.Қазақстанның тыныштығы, ең алдымен, ел иесі бізге керек. Заңға бағыну - барлық қазақстандықтардың міндеті. Құзырлы органдарға күш көрсетуге жол берілмейді, - деді партия төрағасының бірінші орынбасары.
Ол ұлтаралық қарым-қатынастың өте нәзік дүние екенін атап өтті.
Әп-сәтте бүлдіріп алу оңай. Егер елде татулық болмаса, ең алдымен халық зардап шегеді. Заңға жүгінген, татулық пен елдікті мұрат еткен Елбасы саясатын ұстанған елміз. Барлық мәселе заң аясында шешілуі тиіс. Баршамыз, ең алдымен, партияластар, осыған ұмтылуымыз керек, - деді Бауыржан Байбек.



Өзгелердің жаңалығы