Ордалы елге 30 жыл: Елордада тәуелсіздік тарихына арналған көрме ашылды

5 Қаңтар 2021, 17:36
6627
Бөлісу:
Ордалы елге 30 жыл: Елордада тәуелсіздік тарихына арналған көрме ашылды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнін Ұлттық академиялық кітапхана «Ордалы елге отыз жыл» атты кітап көрмесін ашумен бастады.

Ордалы елге 30 жыл: Елордада тәуелсіздік тарихына арналған көрме ашылды

Кітапхана қызметкерлері бұл көрменің бүгінгі Президенттің «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласымен тұспа-тұс келуін жақсы ырымға балады.

Ордалы елге 30 жыл: Елордада тәуелсіздік тарихына арналған көрме ашылды

Көрменің ашылу салтанатында профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаева кітап көрмесінің маңыздылығына тоқталды.

Ордалы елге 30 жыл: Елордада тәуелсіздік тарихына арналған көрме ашылды

Осы күнге жеткен жолымыз тұнған тарих. Сол тарих парақтарынан бүгінгі ұрпақты білім мен тағылымның нәрінен сусындату біздің мақсатымыз. Сол ұрпаққа егеменді тарихымызды насихаттау парызымыз деп Президентіміз өзінің мақаласында да атап өтті. Оны жүзеге асырушы бірден-бір мекеме білім мен руханияттың шаңырағы кітапхана десек, артық айтқандық емес, - деді ол.
Ордалы елге 30 жыл: Елордада тәуелсіздік тарихына арналған көрме ашылды

Кітапханада жылдың мерейлі даталарына арнап көрме ұйымдастыру - дәстүрге айналған іс-шара. Ал биыл оның маңыздылығы тіптен артып отыр. 

Ордалы елге 30 жыл: Елордада тәуелсіздік тарихына арналған көрме ашылды

Тәуелсіздігіміздің 30ижылдық мерейтойын атап өткелі отырған елдің тұрғындары жүріп өткен жолымыз туралы білулері керек. Көрмеде тек 30 жылдағы жетістіктеріміз емес, сонау Түрік қағанатынан бастау алған тарихымыз жайлы сыр шертетін туындылар да қойылды, - дейді Ұлттық академиялық кітапхананың менеджмент-маркетинг бөлімінің жетекшісі Оңай Мырзағалиева.
Ордалы елге 30 жыл: Елордада тәуелсіздік тарихына арналған көрме ашылды

Оның айтуынша, тарихымыз толықтай қамтылуы үшін көрме бірнеше бөлім бойынша жүйеленген. 

Ордалы елге 30 жыл: Елордада тәуелсіздік тарихына арналған көрме ашылды

Мысалы, «Бабалар арманы ─ Мәңгілік ел» атты бөлімде «Ұлы дала - түркілер мекені» мен «Қазақ хандығы - Тәуелсіздік бастауы» атты тақырыптар қамтылған. «Алаш аңсаған азаттық» атты бөлім «Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық көтеріліс» және «Тәуелсіздік және Алаш қайраткерлері» атты тақырыптарға берілген, - дейді ол.
Ордалы елге 30 жыл: Елордада тәуелсіздік тарихына арналған көрме ашылды

Бұдан бөлек көрмеде «Желтоқсан - Тәуелсіздіктің жаңғырығы» деп атаумен тәуелсіздігіміздің бастамашысы болған қозғалысқа қатысты туындыларға да назар аударылған. Бұл бөлімде 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы және сол бейбіт шеруді қолдаған Қазақстанның әр өңіріндегі белсенділер туралы дерек кітаптар мен фото-суреттер жинақталған.

Ордалы елге 30 жыл: Елордада тәуелсіздік тарихына арналған көрме ашылды

Сондай-ақ 2021 жылды Ұлттық академиялық кітапхана бастамасымен «Балалар әдебиеті жылы» деп жариялану ұсынылды. 

Ордалы елге 30 жыл: Елордада тәуелсіздік тарихына арналған көрме ашылды

Осыған орай кітапханада «Балалар әдебиеті - рухани қазына» атты кітап көрмесі де ұйымдастырылды. 

Ордалы елге 30 жыл: Елордада тәуелсіздік тарихына арналған көрме ашылды

Бұл көрмелер Ұлттық академиялық кітапханада жыл бойы тұрады. Кітапхана қызметкерлері елорда мен қала қонақтарын көрмедегі мазмұнды ақпаратпен қанығуға шақырады.

Ордалы елге 30 жыл: Елордада тәуелсіздік тарихына арналған көрме ашылды

Өзгелердің жаңалығы