Ордабасыға төрт айда 7 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды – Түркістан

21 Мамыр 2021, 04:45
2039
Бөлісу:
Ордабасыға төрт айда 7 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды – Түркістан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ордабасы ауданында биыл жылдың қаңтар-сәуір айларында жалпы өңірлік өнім көлемі 22 млрд 834 млн теңгеге жетіп, 2020 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 4 млрд 255 млн теңгеге артқан. Сондай-ақ ауданға тартылған инвестиция былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,2 есеге артып, 7 млрд 549,9 млн теңгені құрады. Бұл туралы брифингте Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 4 айында ауыл шаруашылық саласында 10 млрд 848,5 млн теңгенің өнімі өндірілді. Атап айтқанда, мал мен құс еті 7 651,9 тонна өндіріліп, өсім өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,6 пайызды құрады. Бүгінгі таңда ауданда өнеркәсіп саласында 39 кәсіпорын бар. Осы кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі 2021 жылдың қаңтар-сәуір айында 8 млрд 77 млн теңгеге жетті. Аудан көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны 10 862. Оларда 15 551 адам жұмыспен қамтылған, – деді аудан басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы.

Ауданда биыл 5 көшенің 4,8 шақырымына жарықтандыру құралдарын орнату жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ 6 елді мекеннің ауыз су жүйелерінің құрылысы басталған. Аудандағы 57 елді мекеннің 7-сі табиғи газбен қамтылған. Биыл республикалық және облыстық бюджеттен 5 елді мекеннің табиғи газ жүйесінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 22 елді мекеннің республикалық бюджеттен қаржысы қаралған.

Өзгелердің жаңалығы