«Ордабасы» футболдан Қазақстан кубогының алғашқы финалисі атанды

7 Шілде 2023, 16:44
784
Бөлісу:
«Ордабасы» футболдан Қазақстан кубогының алғашқы финалисі атанды
Фото: Артём Чурсинов -архив

«Ордабасы» футболдан Қазақстан кубогының алғашқы финалисі атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарымта жартылай финалдық кездесуде шымкенттіктер қосымша уақытта 2:0 есебімен «Астанадан» жеңісті жұлып алды. 63-минутта бірінші голды өзбек жартылай қорғаушысы Шахбоз Умаров соқса, жеңісті 105-минутта Темірлан Ерланов әкелді.

"Спорт Шредингира" Telegram-арнасының хабарлауынша, екінші финалист 8 шілдеде «Атырау» мен «Тобыл» арасындағы кездесуде анықталады. Алғашқы кездесуде қостанайлықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Өзгелердің жаңалығы