Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы Астанада аталып өтеді

13 Қыркүйек 2023, 16:25
1438
Бөлісу:
Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы  Астанада аталып өтеді
Фото: BAQ.KZ - архив

Елордада жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мерейтой Қазақстан ұлттық академиялық кітапханасында 15 қыркүйек күні жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесінен басталады. 

Одан бөлек кітапхананың Конституция залында жазушының 80 жылдығына орай мерейтойлық конференция ұйымдастырылады. Конференцияға бірнеше зиялы қауым өкілдері қатысады. Ғылыми конференция соңында «Шолпандай таң алдында туып – батты» кітабының тұсаукесері өтеді.

Айта кетейік, Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған шаралар жазушының туған жері Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданынан басталды. Мерейтойды республикалық көлемде атап өту Ауылдық аймақты тұрақты дамыту қорының ұйытқы болуымен өтіп жатыр. Іс-шаралар 28-30 қыркүйек күндері Алматы қаласында жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы