Оралға ұшатын әуе рейстері қайта іске қосылады

14 Тамыз 2022, 00:55
1172
Бөлісу:
Оралға ұшатын әуе рейстері қайта іске қосылады

FlyArystan әуе компаниясы Оралға рейстердің қайта жанданатыны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Kaz.tengritravel-ге сілтеме жасап. 

Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі мәлім етті. Әуе тасымалдаушы компания мәліметінше, Алматыдан, Нұр-Сұлтаннан және Ақтаудан Оралға 2022 жылдың 20 тамызынан 20 қыркүйекке дейін ұшатын болады.

Айта кетейік, 18 шілдеде Орал қаласының әуежайында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1 тамыздан бастап FlyArystan әуекомпаниясы ішкі бағыттар бойынша Оралдан және Оралға ұшатын рейстерді тоқтатқаны айтылды. Алайда «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Орал қаласының әуежайында әуе кемелерінің ұшуын шектемегенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы