Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

18 Қараша 2022, 15:33
11301
Бөлісу:
Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

Оралдан ұшқан FlyArystan ұшағы Алматыға 18 қараша күні сағат 06.15-те жетуі керек болған. Бірақ борт ішіндегі бір жолаушы өзін жайсыз сезінгендіктен, ұшақ шұғыл түрде Ақтөбеге қонды, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Оралдан Алматыға бет алған ұшақ 18 қараша күні сағат 05.20-да Ақтөбе қаласындағы әуежайға қонған.

Ақтөбеге қонуының себебі – 1963 жылы туған ер адамның денсаулығы нашарлады. Ол Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды, – делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы