Оралдағы түнгі клубта қызды ұрған ер адам ұсталды

талған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

30 Тамыз 2026, 23:23
АВТОР
 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 30 Тамыз 2026, 23:23
30 Тамыз 2026, 23:23
142
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Орал қаласындағы түнгі клубтардың бірінде қызға күш қолданған ер адам ұсталды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады.

Кадрларда қыздың еденде отырғаны және өзіне шабуыл жасаған ер адамнан қорғануға тырысқаны көрінеді. Бір сәтте ол ер адамды итеріп жібереді. Бұдан кейін ер адам қыздың басына сынған шыны затпен соққы жасаған.

Әлеуметтік желілерде күдіктінің құқық қорғау органдарының қазіргі қызметкері екені туралы ақпарат тарады. Алайда Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл мәліметті жоққа шығарып, ұсталған адамның ведомствоға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бейнежазбаға түскен ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу жалғасуда және БҚО полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп хабарлады полиция.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

 

Наверх