Оралдағы хоккей матчі төбелеспен аяқталды

20 Ақпан 2024, 12:57
333
Бөлісу:
Оралдағы хоккей матчі төбелеспен аяқталды
VIDEO
Фото: instagram.com/uralsk_hk_yastreby

Қазақстан жасөспірімдері хоккей лигасының матчі төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Криминальный Казахстан" телеграм каналының мәліметіне сәйкес оқыс оқиға 19 қазанда Оралда болған.

Мұз айдынында оралдық "Ястребы" және атыраулық "Жас батыр" хоккей командалары кездесті. Командалар арасындағы қақтығыс аренадан тыс жерде болған.

Кейін жанжалға полицейлердің арасуына тура келген.

Ойыннан шығарылғаннан кейін команданың бірнеше ойыншысы жанжал шығарғаны анықталды. Полиция қызметкерлері керісіп қалған ойыншылардың арасына түсіп, сабырға шақырды. Екі командамен де профилактикалық әңгіме жүргізілді, - делінген Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті хабарламасында.

Салдарынан үш ойыншы тәртіптік жазаға тартылды. 

Айта кетейік, матч 5:2 есебімен  Атырау командасының пайдасына аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы