Оралдағы "Батыс су арнасы" желілерінің 60%-ы тозған

18 Тамыз 2023, 20:32
726
Бөлісу:
Оралдағы "Батыс су арнасы" желілерінің 60%-ы тозған
Фото: Ұлттық экономика министрлігі

ҰЭМ басшысы Оралдағы "Батыс су арнасы" ЖШС-қа барды. Кәсіпорын Орал қаласын сумен және су бұрумен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Коммуналдық кәсіпорынның балансында шамамен 860 шақырым құбыр желілері бар. Тозу деңгейі 60%-дан асады.

Биыл 4 шақырым су құбыры және кәріз желілерін, КСС, қысымды коллекторларды күрделі жөндеу бойынша инвестициялық іс-шараларды іске асыру, құбырларды, сорғыларды және басқа да жабдықтарды ауыстыру үшін 516,3 млн. теңге тартылды. Бұл шаралар желілер мен жабдықтардың тозуын орта есеппен 1,5%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Өндірістік персоналдың жалақысы шамамен 60%-ға өседі. Қазіргі таңда өтінім қаралуда. Кәсіпорында 787 адам еңбек етеді.

Айта кету керек, БҚО-да 1м3 судың құны халыққа 45,8 тг құрайды. Бұл ең төменгі тарифтің бірі. Себебі ел бойынша орташа тариф 82,65 теңге. 

Әлібек Қуантыров министрлік іске асырып жатқан "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасының маңыздылығын атап өтті. Биыл 5,8 мың шақырым инженерлік желіні жөндеу үшін шамамен 250 млрд. теңге инвестиция тартылуда. 

Бұл желілердің тозуын 3,2%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа тәсілдер шеңберінде ҰЭМ екінші тоқсанда тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды өзгертуге 212 өтінім бекітілді.

ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы) саласындағы 200 мың қызметкердің жалақысын 135 мың теңгеден 200-300 мың теңгеге дейін көтеру жоспарлануда. Бұл осы саладағы кадр тұрақтамауын азайтады.

Жүргізіліп жатқан барлық шара апат пен желіден ажыратуды азайтып, шығынды қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл көрсетілетін қызметтің сапасы мен сенімділігін жақсартады, - деді министр.

Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы БҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінде болды. 

Кеңес барысында ТМРКД жұмысының негізгі бағыттары, сондай-ақ тарифтік саясат және желілерді үздіксіз қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшін инвестициялар тарту талқыланды. Министр тариф белгілеу мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы