Орал қаласында полиция қызметкері бойжеткенді зорлады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, Абай полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкері қызметтік міндетін атқару барысында пәтерге барған. Көршілер шуға байланысты шағым түсіргеннен кейін, ол тексеру жүргізуге барған пәтерде бойжеткенге сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткен деген күдікке ілінген.
Аталған ақпаратты Орал қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі растады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдікті 10 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар ол ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылған.
Полиция департаменті құқық қорғау органдары қатарында заң бұзушылыққа жол берілмейтінін мәлімдеп, мұндай әрекеттер қатаң түрде жазаланатынын атап өтті.