Оралда студенттерге арналған электронды қызметтер залы ашылды

2 Қараша 2019, 08:55
1702
Бөлісу:
Оралда студенттерге арналған электронды қызметтер залы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірдегі жоғарғы оқу орындарының бірінің базасында электронды қызметтер залы жұмыс істей бастады, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мұнда мемлекеттік қызметтің 60 шақты түрін алуға мүмкіндік бар.сондай ақ Оқу орнында,  студенттердің жобаларын қолдайтын коворкинг орталығы мен спорттың бірнеше түрі бойынша жаттығу залдары ашылған. Ол үшін университет ғимаратының бұған дейін қараусыз қалып келген жертөлесі толықтай қайта жаңғыртылып, су жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліпті.

"Студент болсын, оқытушы қызметкер болсын ХҚКО-ға бармай, осы университет аумағында кез келген анықтама алуға мүмкіндігі болады. Оны алу үшін қызметкерді болсын, студентті болсын алдымен оқытып үйрету керек. Өйткені ешқайсысы электронды қызметтерді жатқа білмейді. Сондықтан, біз Орал қаласындағы ХҚКО-ның өкілдерімен кездесіп, өзіміздің IT пәнінен сабақ беретін оқытушыларды оқыту курсынан өткіздік", - дейді ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің жетекшісі Гауһар Камалова.   

Өзгелердің жаңалығы