Оралда қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды

17 Қараша 2022, 11:11
13531
Бөлісу:
Оралда қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды

Оралдағы қонақ үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ ресми интернет ресурсына сілтеме жасап. 

16 қарашада сағат таңғы 08:10 уақыт шамасында Абай ауданының полициясына қаладағы қонақ үйлердің бірінде ер адамның өлі денесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, 35 жастағы азаматтың мәйітін анықтады, – деп жазды ІІМ ресми сайты.

Анықталғандай, оқиға орнында 28 жастағы әйел адам болған. Ол қылмыс жасағанын мойындап, қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Орал қаласы полиция басқармасында уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы