Оралда "Қамқор" орталығы ашылды

23 Сәуір 2023, 16:27
761
Бөлісу:
Оралда "Қамқор" орталығы ашылды
Фото: Орал қаласының баспасөз қызметіні

Оралда Ораза айт мерекесі кезінде "Қамқор" орталығы салтанатты ашылды. Жаңа нысан егде жастағы тұрғындарды белсенді өмірге тарту, денсаулығын нығайту, қарым-қатынас шеңберін кеңейту және бос уақытын тиімді ұйымдастыруды мақсат еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Орталықтың ашылу салтанатына қала әкімінің міндетін атқарушы Мирболат Нұржанов қатысты.

Шаһарымыздың зейнет жасындағы тұрғындарына арналған орталық министрліктің тапсырмасына сай, алғаш рет жоба ретінде ашылуда. Болашақта қаланың өзге де аудандарында осындай орталықтар ашу жоспарымызда бар. Ең бастысы бұл жерде ұсынылатын тегін қызмет түрлеріне аға буын өкілдерінің қызығушылығы жоғары, – деді Мирболат Нұржанов

Батыс Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Бергеннің айтуынша, өңірде 92 500 зейнеткер бар. Оның 16-сы – Ұлы отан соғысының ардагері, 3 500-і – тыл ардагері.

Қытай мен Жапонияда орташа өмір сүру ұзақтығы – 84 жас. Біздің елімізде 69-70 жас. Белсенді қозғалыс – ұзақ өмір сүру кепілі. Облыс деңгейінде жыл сайын ардагерлерге арналған түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылады. Жақында ардагерлерден құралған барлық ансамбль қатысатын байқау өткіземіз. Жүлде қорын өз жауапкершілігіме аламын. Тентекті жөнге салып, адасқанды көшке қосатын үлкендеріміз үйде қарап отырмай, жастарға үлгі болуымыз керек, – деді Мақсот Берген.

Өзгелердің жаңалығы