Оралда колледж студенттері қылмыстық топ құрып, ақша бопсалаған

15 Ақпан 2024, 15:53
412
Бөлісу:
Оралда колледж студенттері қылмыстық топ құрып, ақша бопсалаған
Фото: Арман Мухатов - архив

Орал қаласында қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, олар қаладағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттерін тонап, ақша бопсалады деген күдікке ілінген.

Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына 4 күдікті қамауға алынды. Алаяқтық әрекеттерге барғандардың барлығы колледж студенттері. Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Егер Сіз ұсталған тұлғалардан зардап шеккен болсаңыз, дереу полиция қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы