Оралда көліктегі нөмірге балағат сөз жазып қойған жігіт жазаланды

Оралда көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан және әдепсіз сөз жазған жүргізуші жауапқа тартылды.

23 Қараша 2026, 19:15
АВТОР
 видеодан скриншот 23 Қараша 2026, 19:15
23 Қараша 2026, 19:15
114
Фото: видеодан скриншот

Оралды көлігінің нөміріне балағат сөз жазып, жалған нөмір тағып алған жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне балағат сөз жазып, оны көлігіне таққан ер адамның бейнежазбасы полиция қызметкерлерінің назарына ілікті.

Тексеру барысында «ВАЗ-21099» маркалы автокөліктің алдыңғы жағына жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі тағылғаны және оған әдепсіз сөз жазылғаны анықталды.

Аталған әрекеттер заң талаптарын сақтамау, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен жалпыға ортақ әдеп нормаларын бұзу болып табылады.

Құқық бұзушы Орал қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері жүргізушімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы қағидаларын сақтау және айналасындағыларға құрметпен қарау қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар ол заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі. 

Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпке құрметпен қарауға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін Аралда рөлге отырған 9 жастағы баланың ата-анасына айыппұл салынды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Астанада оқушы қыз екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасады

Астанада көлігімен тротуарда жүрген Changan жүргізушісіне айыппұл салынды

Қазақстанда 7 жасөспірім «жарылғыш заттар» туралы жалған қоңырау шалғаны үшін жазаланды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от policebqo (@policebqo)

Наверх