Оралда екі автобус соқтығысты

30 Шілде 2022, 16:49
1400
Бөлісу:
Оралда екі автобус соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда екі автобустың соқтығысуынан зардап шеккендер саны 16-ға жетті. Автобустардың бірі жеңіл көлік үстіне аударылып түскен болатын.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға орнында 5 жедел жәрдем бригадасы жұмыс жасап, барлық жарақат алғандар қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 

Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендердің бәрі де жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. Бірқатары сынық жарақаттарын алған. Атап айтқанда, 30-72 жас аралығындағы 12 әйел, сондай-ақ 68 және 60 жастағы екі ер адам ауруханаға жатқызылды. Ал 34 жастағы ер адам емдеу мекемесінде жатудан бас тартты. Жарақат алғандар арасында үш жасар бала да бар. Ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде бәрінің жағдайы анықталу жаты», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиға бойынша ҚК 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы