Оралда ботаника бағы мен спорт кешені салынады

19 Қараша 2022, 11:14
1194
Бөлісу:
Оралда ботаника бағы мен спорт кешені салынады

Оралда ботаникалық бақ пен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені салынатын болды, деп хабарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жергілікті билік бұл əлеуметтік жобаларды инвесторлар қаржысы есебінен жүзеге асырмақ. Бұл туралы «Хабар 24» жазды.

Қос жобаның құны 2 миллиард теңгеге жуықтайды. Нəтижесінде,  мүмкіндігі шектеулі жандар заманауи спорт кешенінде жаттықса, жалпы аумағы 13 гектар болатын  ботаника бағы да қала тұрғындарының сүйікті орындарының біріне айналмақ. 

Мүгедектігі бар жандарымыз бұдан жарты жыл бұрын өздерімізге бөлек спорт кешені керек екенін айтқан болатын, сұраған болатын. Біз осы мəселені шешу үшін облыстың орталығында жер бөліп  жатырмыз. Типтік жоба бар, оны мына мүгедектігі бар кісілерге бейімдеп жақын арада құрылысқа кірісеміз, - деді БҚО əкімі Ғали Есқалиев.

Өзгелердің жаңалығы