Оралда 3 көпір салынады

26 Ақпан 2024, 17:50
289
Бөлісу:
Оралда 3 көпір салынады

Оралда жаяу жүргіншілерге арналған 3 көпір салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап. 

Оның бірі Орал-Желаев бағытындағы теміржолдың үстімен өтеді. Бір қуанарлығы, өткелдер халық көп шоғырланған аудандарда ашылады. Яғни, ел-жұрттың жүріп-тұруы жеңілдейді. Орал-Желаев теміржол учаскесі қаланың ішімен өтеді. Жамбыл мен Чкалов атындағы көшелердің тұрғындары дәрі-дәрмек, азық-түлік алу үшін басын қатерге тігіп, шойынжолдың үстімен өтуге мәжбүр болған. Бұл – балабақша, дүкен, аялдамаға жетудің ең қысқа жолы. Бұл теміржол бойымен күніне 14 пойыз өтеді. 

Қозғалыс жиілігінен шұғыл тежеуге мәжбүр болатын кездері аз емес. Желілік полиция қызметкерлерінің айтуынша, былтыр 2 адам пойыз астына түсіп, қаза тапқан. 

Орал-Желаев теміржол бойында бізде жаяу жүргіншілер көпірі жоқ. 27 шақырым екі жағында халық бар. Сол бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша бізде 17 факт болды. Оның бесеуіндн адам басып кету қаупі туындаған, - деді  Орал стансасы желілік полиция бөлімінің басшысы Кұттымұрат Кұлмұратов.

Теміржол өткелі – оралдықтарды көптен бері мазалап жүрген мәселе. Осы учаске бөлігінде жергілікті атқарушы билік жаяу жүргінші көпірін салуды жоспалап отыр. Биыл байқау жарияланып, жобалық-сметалық құжаты дайындалмақ. 

Мұндай жаяу жүргінші өткелдері Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларында бар. Тағы 2 көпірді қаланың көлік қозғалысы жиі автожолдардың үстінен салу көзделіп отыр. Бастапқы есеп бойынша бір өткелдің құрылысы шамамен 350 миллион теңге болады.

Өзгелердің жаңалығы