Оралда жаңартылған білім мазмұнына сай мамандар даярланады

26 Тамыз 2019, 19:33
3010
Бөлісу:
Оралда жаңартылған білім мазмұнына сай мамандар даярланады
PHOTO

Батыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ. Орал қаласындағы педагогикалық колледж елімізде алғашқы болып, оқушыларға жаңартылған білім мазмұнына сай білім беретін мамандар даярлауға көшпек.

Бұл бастама Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы арасындағы меморандум аясында жүзеге асады.

ac9451f5-9366-410f-8435-9e41f35be242.jpg

«Мектептердің 60 пайызы шағын жинақты өңірде педагогикалық колледждің орны ерекше. Бұл жерде бастауыш және негізгі мектеп үшін мұғалімдер даярланады. Облыстағы педагогтардың төрттен бірі – колледж түлектері. Сондықтан бұл жобаның маңызы зор», – деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжмиденұлы өз сөзінде.

3a2731db-feac-4063-8c5f-12aa928dc581.jpg

Жобаның басты мақсаты – болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығының деңгейін көтеру. Жоғары педагогикалық колледжге отандық және шетелдік озық тәжірибе – Назарбаев Зияткерлік мектептері, сондай-ақ Финляндия, Ұлыбритания және АҚШ тәжірибесі негізінде жасақталған «Бастауыш білім» мамандығы бойынша эксперименталды бағдарлама енгізілмек.

2feb7141-0b06-4f41-9ccc-e903c431cdec.jpg

«Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін облыс әкімдігінің ұсынысы өте қызық болды. Орал педагогикалық колледжін жаңғырту пилоттық жобасы үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру бағдарламалары орталығы 108 оқу бағдарламасын әзірледі. Жыл соңына дейін орталық қызметкерлері, педагогикалық шеберлік және педагогикалық өлшемдер орталығы колледж оқытушыларына арналған бірқатар оқыту семинарын өткізеді», - деп атап өтті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

Жобаның жүзеге асуы екі күндік семинардан басталады, онда әлемдік педагогиканың үздік эксперттері Питер Мехисто (Лондон университеттік колледжі, Ұлыбритания) және Джоана де Брито (Авейру университеті, Португалия) білім беру саласындағы жаһандық трендтер туралы баяндама жасайды.

d1aad0da-a976-4ebf-90d4-d498ee04236c.jpg

Шара барысында Батыс Қазақстан облысы оқытушылары Орал педагогикалық колледжінде «Kazdidac» қауымдастығы орнатқан бастауыш сыныптарға арналған заманауи оқу кабинетіне жоғары қызығушылық танытты. Жаңа кабинетте зерттеу дағдыларын дамыту, жобалау қызметі, сандық және STEM-технологияларды қолдану үшін барлық жағдай жасалған.

«Ғасырлық тарихы бар колледж республика бойынша алғашқы болып эксперименттік білім беру бағдарламасын енгізу құрметіне ие болғанына қуаныштымыз. Біз облыстың бастауыш сынып мұғалімдері үшін қызмет етіп қана қоймай, еліміздегі мұғалім дайындайтын колледждерге әдістемелік орталық болуға тырысамыз», - деді Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директоры Светлана Бахишева.

Сонымен қатар, оралдық мұғалімдерге «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау туралы кітаптарды таныстырып, тарту етті.

Пилоттық бағдарлама ретінде өтетін тәжірибені еліміздегі өзге де педагогикалық колледждерге тарату жоспарда.

Өзгелердің жаңалығы