Орал әуежайының атауы ауысады

20 Қазан 2021, 15:58
1264
Бөлісу:
Орал әуежайының атауы ауысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал әуежайының атауы ауысады. Бұл туралы «Мой город» басылымы жазды.

Тиісті шешім облыстық мәслихат сессиясында қабылданған көрінеді.

Тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ғаниеваның сөзінше, қоғам белсенділері мен депутаттардан осындай ұсыныс түскен.

Nur Otan жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі мүшелері және облыстық мәслихат депутаттары «Халықаралық Орал әуежайы» ЖШС-ның атауын ауыстыру туралы ұсынысын білдірді. Әуежайға Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың атын беру туралы ұсынысты қолдауларыңызды сұраймын, - деді Ғаниева.

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Мәншүк Мәметова Орал облысының (қазіргі БҚО) тумасы. Ол Қызыл армия қатарының пулеметшісі болды. Ержүрек қыз соңғы шайқасында жау әскерінің 70 шақтысын ойрандатып, 1943 жылдың күзінде опат болды. Мәншүкке Кеңес одағының батыры атағы берілді.


Өзгелердің жаңалығы