Орал әуежайына қатысты шу. Жамаубаев жауап берді

14 Ақпан 2023, 12:23
1644
Бөлісу:
Орал әуежайына қатысты шу. Жамаубаев жауап берді

Премьер-министр министрдің – орынбасары Ерұлан Жамаубаев Оралдағы әуежайды басқару Ресей компаниясына өтуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Орал әуежайы республикалық меншіктегі объект емес. Мұнда ұшып-қону алаң ғана стратегиялық маңызы бар объект саналады. Алайда әуежайдың өзі, яғни ғимараты мен қоймалары, тағы басқа қоймалары жергілікті органға тиесілі объектілер мен «Ақжайық» ӘКК-ға тиесілі. Біз осы мәмілеге қатысты ақпаратты қосымша береміз. Мен Мемлекеттік мүлікті басқару комитетіне тиісті тапсырманы беремін, - деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев Үкіметтің кулуарында.

Ал Премьердің орынбасары Алтай Көлгінов бір кездері ұшу-қону жолағы жөнделгенін айтты.

Министрлік, әкімдік, біз бұл мәселемен айналыстық. Содан кейін олар күрделі жөндеу, тіпті әуежай терминалының жаңа құрылысы мәселесімен айналысты. Мұның бәрі мемлекеттің қолдауымен жасалды. Ал сіз қазір қойып отырғаныңыз, мен үшін жаңа сұрақ. Мен де білмедім, өйткені мен бұл сұрақты қадағаламаймын. Сондықтан бұл мәселені әкімдікпен талқылау қажет. Менің ойымша, бұл мемлекет жөндеген стратегиялық нысандар мемлекетке тиесілі. Бірақ проблемалар болды, бұл ұшу-қону жолағы. Ал терминал жеке меншікте болды. Бірақ бұл жеке инвесторды инвестор деп атауға болмайды. Жеке меншік иесі, ол ұшу-қону жолағын да, терминалды да жөндеуге бір тиын жұмсамады, мұны мемлекет жасады. Сондықтан оны анықтау керек, - деді Көлгінов.

Жақында Орал әуежайының жаңа мамандандырылған инвесторы пайда болғаны белгілі болды. Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайы компаниясын екі қазақстандық және бір ресейлік компаниядан тұратын консорциум сатып алған. Ресейлік компания - ол қазақстандық инвесторларға бақылауды сақтай отырып, әуе айлақтарын кәсіби басқаруға маманданған «Өңірлік әуежайларды» басқару компаниясы

Өзгелердің жаңалығы