Орал әуежайын жаңа инвестор дамытатын болды

11 Ақпан 2023, 18:21
2419
Бөлісу:
Орал әуежайын жаңа инвестор дамытатын болды
Фото: uralskweek.kz

«Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС сатып алу жөніндегі мәміле аяқталды. Оны әуежайларды кәсіби басқаруға маманданған екі қазақстандық компания мен бір ресейлік компания сатып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы компания ресми сайтында хабарлады.

Ресейлік  «Аэропорты Регионов» БК АҚ қазақстандық екі серіктесімен бірлесіп Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайының оператор-компаниясын сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады, - делінген хабарламада.

Жаңа меншік иесінің жоспарында жолаушылар мен авиакомпаниялар үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, әуежайды техникалық қайта жарақтандыру, бизнес-процестерді жақсарту бар. Мұның бәрі халықаралық тасымалдарды дамыту әлеуетін іске асыруға, сондай-ақ жүк тасымалдарының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Орал әуежайының жолаушылар ағыны жылына 300 мың адамнан асады. Бұл ретте әуежайдың Қазақстанның солтүстік-батысында ыңғайлы орналасуы мұнда транзиттік тасымалдарды дамытуға және оның базасында өңірлік хаб қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа инвестордың келуі және жетекші әуежай компаниясының құзыреттілігін енгізу әуе хабының одан әрі дамуы үшін елеулі перспективалар ашады.

Өзгелердің жаңалығы